» Биыл шыққан ең қауіпсіз автокөліктер

Биыл шыққан ең қауіпсіз автокөліктер

Euro-NCAP еуропалық тәуелсіз сарапшылар ұйымы 2018 жылы шыққан ең қауіпсіз автокөліктер рейтингін түзді. Зерттеу жұмыстарында төрт категорияны басты назарға алған. Сарапшылар жұмысының нәтижесі бойынша жапондар жасаған Lexus ES 300h автокөлігі ең қауіпсіз болып саналды. 

Темір тұлпар "үлкен отбасылық автокөлік" және "гибрид пен электрокар" категориялары бойынша үздік шыққан. Автокөлік жүргізуші үшін 91% қауіпсіз деген қорытынды жарияланды. Сондай-ақ сарапшылар көліктің қауіпсіздік жүйесін 77% деп бағалаған. Кроссовер көліктер арасында Hyundai Nexo ең қауіпсіз деп танылды. 94% жүргізуші мен жолаушыларына қауіпсіз екен. Балалардың қауіпсіздігі - 87%, жаяу жүргінші жолына тоқтау - 67%, ал электронды жүйесі 80%-бен бағаланған.

"Кіші отбасылық көлік" категориясы бойынша Mercedes-Benz A-Class хэтшбегі үздік шықты. Бұл автокөлік түрі жүргізушілер мен жолаушылар үшін 96% қауіпсіз екен. Айта кетейік, осыған дейін Insurance Institute for Highway Safety мамандары фаралары ең мықты автокөліктердің рейтингін жариялаған болатын.

massaget.kz
https://syrboyi.kz/uploads/posts/2018-12/1544787601_image_l-2.jpg
---
18 желтоқсан 2018 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031