» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен шағын құрамда келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақорда резиденциясында ресми қарсы алу рәсімінен кейін мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы келіссөздері өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан – Оңтүстік Корея арасындағы сая­си диалог пен экономикалық іс-қимылдардың дамуына серпін бе­ре­тінін атап өтті. Қазақстан Президенті күн тәртібіндегі барлық мәселелерге қатысты табысты келіссөздер өтіп, екіжақты тиімді ше­шімдер қабылданатынына сенім білдірді.
– Президент мырза, Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Біз кеше екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Бұл Сіздің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапа­рыңыз. Кеше Сіз ұлттық батырларыңыздың мәйіттерін Отанға қай­тарған маңызды рәсімге қатыстыңыз. Осы оқиғаға орай құт­тық­тауымды қабыл алыңыз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Мун Чжэ Ин Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырып, жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл сапар биыл атап өтілетін Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығы қарсаңында ерекше маңызға ие.
– Қазақстан – Еуразия құрлығында бейбітшілік орнатуға және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Корея Республикасының «Жаңа Солтүстік саясатын» жүргізудегі негізгі әріптесі. Менің бұл сапарым екіжақты қарым-қатынас ғана емес, сонымен қатар, Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы көпжақты өзара іс-қимылдарды нығайтуға серпін береді деп үміттенемін, – деді Оңтүстік Корея Президенті.
Кездесуде тараптар саясат, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарын талқылады.


---
23 сәуір 2019 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31