» » Иркутск облысындағы алапат тасқын: 3,3 мың үй су астында қалды

Иркутск облысындағы алапат тасқын: 3,3 мың үй су астында қалды



Иркутск облысындағы 55 елді мекенде 3,3 мың үй су астында қалды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«1 шілдедегі дерек бойынша алты аудандағы 55 елді мекенде 3 296 үйді су басқан. Онда 9 809 адам тұрады, соның 2 681-і бала. Үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар 18 нысан, 3 525 аула да су астында қалған», - деп мәлімдеді Иркутск облыстық ТЖМ баспасөз қызметі. 
Ведомствоның хабарына қарағанда, төрт елді мекен сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтар жеткізілді. Су тасқынынан автомобиль жүретін 13 көпір  қирап, басты автожолдарда қозғалыс шектелді. Апат салдарын жоюға 1,4 мың адам жұмылдырылған. 

01 шілде 2019 ж. 2 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031