» » Түсірілім барысында жазатайым қаза болған актерлер жайлы не білеміз?

Түсірілім барысында жазатайым қаза болған актерлер жайлы не білеміз?


Түсірілім барысында оқыстан қаза тапқан атақты актер мен актрисаларды білесіз бе? Олардың бірінің қазасы оттан болса, екіншісі биіктен байқаусызда құлап кеткен. Өмірінің соңғы сәтін түсірілім алаңында өткізген танымал тұлғалар жайлы ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Евгений Урбанский (1932–1965)



Актер өз өмірін театрсыз елестете алмаған. Тіпті оның бір айда 20 қойылымда ойнаған уақыттары да болған. Алайда оған атақ-абыройды "Коммунист" фильмі алып келген.

"Директор" фильмінің кезекті түсірілімінде Евгений Урбанский көлігімен құмның арасынан автоколоннаны қуып жетуі керек болған.

Түсірілімнің біріншісі сәтсіз өтіп, кадрды қайталағанда көлік аударылып қалады. Ал актердің өзі ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға дейін көз жұмған.

Инна Бурдученко (1939–1960)




"Цветок на камне"

 фильмінің желісі бойынша актриса жанып жатқан тұрақтың ішінен жалауды алып шығуы керек болған. Алайда ағаштан жасалған тұрақ шыдамай, құлап түседі.

Қарапайым жұмысшы аяғы ауыр актрисаны оттан алып шыққан.

Алайда Инна Бурдученконы ауруханаға жеткізгенімен, актрисаны да, ішіндегі баласын да аман алып қалу мүмкін болмаған.

Юрий Гусев (1936–1991)




Юрий Гусеев өзін актер ретінде бағаламай, басқа мамандықты таңдаған. Алайда жылдар өте келе ол өз қызметін ауыстыруға ниет білдіріпті.

Ташкент қаласындағы түсірілім кезінде актер абайсызда құлап, бас-сүйек жарақатын алған.

Осыдан соң Гусеев өмірден өтеді.

Микаэла Дроздовская (1937–1978)




Өз уақытында актрисаны барлығы құрметтеп, жақсы көрген. Көпшілік оның болашағының зор екеніне де сенімді болған.

Алайда ол күзгі түсірілім кезінде үйден шыққан өрттен қаза тапқан.

Актриса күздің суығында жылуы жоқ үйді мекен еткен. Әртүрлі приборлармен үйін жылытпақ болғанда, оның төсегі өртеніп, өнер иесі иіске уланып қалады.

Микаэланы ауруханаға жеткізгенмен, оны аман алып қала алмаған.

Александр Чекаевский (1905–1963)




Актер "Гамлет" фильмінің түсірілімінде пойыз астына түсіп қаза тапқан.

Сергей Бодров-младший (1971–2002)



2002 жылы 20 қыркүйекте таң ата, Бодров басты рөлде ойнаған "Связной" фильмінің түсірілім тобы Владикавказдан тау жаққа қарай жол тартқан болатын.
Түсірілім күні-бойы өтіп, кеш бата түсірілім тобы қалаға қарай қайта жол тартады.

Сағат 20:08-де кенеттен мұз құлап, бірнеше минуттың ішінде 300-метрлік қалыңдықты мұздық пен тастар жауады.

Құтқару жұмыстары бірнеше ай жүргізілгенімен, түсірілім тобы сол күйі табылмаған. Актермен бірге 125 адам қайтыс болған.














12 шілде 2019 ж. 2 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031