» » Екінші иекті кетіру тәсілдері

Екінші иекті кетіру тәсілдері

Екінші иекті көбіне суретке түскенде байқап, налып жатамыз. Алайда екінші иектің (второй подбородок) пайда болуының бірнеше себептері бар. Көбінде оларға құнарлы және майлы тағамдарды мөлшерден тыс пайдалану, қаннан берілетін ауру себептері және бет бұлшық етінің бос болуы басты себепкер болып жатады. Ал екінші иек пайда болғаннан кейін оның салбырауынан арылу процесі өте ұзақ және қиын. Сондықтан оны кетіру үшін төзімділік болса ғана нәтижелі бола алады. Назарларыңызға екінші иекті кетіруге арналған жаттығулар кешенін ұсынамыз. 1. Айна алдына тұрып, иекті созып мойынға салмақ түсіріп жоғары көтереді. Содан кейін астыңғы жақты қимылдатып, астыңғы ерінді үстіңгі ерінге жеткізеді. Жаттығуды 5-8 рет қайталайды. 2. Сурет салу жаттығуы. Ол үшін тіспен қаламды тістеп ауаға түрлі сандарды (1, 4, 10, 5) жазады. Жаттығуды 3-5 рет қайталайды. 3. Кереуетке көлденең жатып, басты төмен қарай салбыратады. 2 секунд өткен соң басты жоғары көтеріп, мұрын ұшына қарайды. Жаттығуды 10-15 рет қайталайды. 4. Басқа қатты және ауыр зат қойып (қалың кітап) бөлме ішінде 5-8 минут жүреді. 5. Екі қолдың саусақтарының үстіңгі жағымен кезек-кезек иекті шапалақтап, қағып ұрады. Жаттығуды 1-2 минут тоқтатпай жасау қажет. 6. Иекті жоғары көтеріп, басты артқа қарай бірден шалқайтады. Жаттығуды 10-15 рет қайталайды. 7. Тілмен бар күшті салып таңдайды басып итереді. Енді тілдің астын тіл ұшымен итереді. Жаттығуды 10 рет жасайды. 8. Тілді шығарып бар күшті салып мұрын ұшына жеткізіп, 10-15 секунд тұрады. Жаттығу 5 рет қайталанады. 9. Тілді барынша шығарып оңға және солға қарай айналдырып 10 рет жасайды. 10. Еденге шалқалап жатып, аяқ ұшына қарайды да, 30-ға дейін санап басты еденге қояды. Осылай 2-3 рет жасау керек. 11. Ерінді алға қарай созып, иек бұлшық етіне күш салады. Сосын «О, У, И» әріптерін айту қажет. Әрбір әріпті 7-8 рет қайталап шығады. 12. Иек бұлшық етіне күш салып, астыңғы ерінді созып ауыз ішіне кіргізеді. Қайтадан бастапқы қалыпқөа келіп, жаттығуды 1 минуттай қайталайды. 13. Орындыққа түзу отырып, екі қолдың саусақтарын бір-біріне айқастырады да үстелге қояды. Енді иекті айқасқан саусаққа бар күшпен басып қояды да қатты басып тұрып басты көтереді. Енді қолды иектен ажыратпай, қатты басып тұрып алға және артқа қарай қимылдатады. Жаттығуды 4-5 рет қайталайды. 14. Шалқалап жатып басты сәл ғана жоғары көтереді. Енді басты оңға қарай бұрып, сосын солға қарай бұрып 1 секунд демалған соң жаттығуды қайталайды. Бұл жаттығу 10 минут көлемінде жасалғаны дұрыс. Есіңізде болсын! 1.Екінші иектен арылу үшін ең алдымен тамақтану тәртібін қолға алу керек. Құнарлы және майлы тағамдардан бас тарта білу иектің пайда болуының алдын алады. Апельсин диетасын ұстаудың екінші иекті кетіруге септігі зор. 2. Екінші иектің пайда болуының тағы бір жолы – үнемі бір орынды отыру.  Сол себепті жұмыс арасында 5 минуттық үзіліс жасап, түрлі жаттығулар жасап, омыртқаның түзу болғанын қадағалап тұрған дұрыс. 3. Бет және жақ бұлшық еттерін қатайту үшін сағыз шайнау арқылы жаттығу жасаңыз. 4. Ауызды барынша ашып, қайта жауып, оңға және солға қарай қимылдатып жаттығуды күніне 10 рет қайталайды. 5. Беттің бұлшық еттерін қатайту үшін түрлі массаждар жасаған дұрыс. 6. Екінші иектен арылу үшін жұқа және ыңғайлы жастыққа дұрыс жатып ұйықтау керек.
ÐкÑнÑÑ Ð¸ÐµÐºÑÑ ÐºÐµÑÑÑÑ ÑÓÑÑлдеÑÑ


Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/57937
26 шілде 2019 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30