» » Неге адамдар көп сериал көреді?

Неге адамдар көп сериал көреді?

Ðеге Ð°Ð´Ð°Ð¼Ð´Ð°Ñ ÐºÓ©Ð¿ ÑеÑиал көÑедÑ?

Құмарлық (байланып қалу) теориясына сәйкес, адам бала кезінде ата-анасынан немесе қамқоршысынан көрген қарым-қатынас формасын жұбайымен қарым-қатынаста да ұстанады. Мысалы, ауру анасына қараған бала қарым-қатынаста соғұрлым қамқор болады. Бірақ, ата-анасынан жақсы қарым-қатынас көріп өспеген бала ақыл тоқтататын жасқа жеткенде ұнамсыз нәрселерге үйір болуы мүмкін.

Олар үш түрге бөлінеді:
— Мазасыз. Адамдармен қарым-қатынас кезінде жараланып қалмау үшін үнемі алаңдаумен болатындар.  
— Қарым-қатынастан қашатын. Жақын араласудан өзін тежейтін адам.
— Қорқыныштан қашатын. Жақын қарым-қатынастан қашатын адамдар бұл қорқынышты адамдармен қатынаста қашықтық сақтай отырып жеңе алады. Осы үш түрдің кез келгені бойында еркінен тыс кездесетін адамдар, әдетте, фильм мен сериалдардың ойдан шығарылған әлемінде өздеріне тыныштық табатын жер іздейді.

Зерттеушілер (A safe space for self-expansion: Attachment and motivation to engage and interact with the story world) 1039 ересек адам арасында сауалнама жүргізу арқылы осындай қорытындыға келді. Зерттеудегі кей сұрақтар олардың жақын қарым-қатынастан өзін тежеуін және қазіргі қарым-қатынастары үшін қаншалықты алаңдайтынын бағалауға бағытталған. Сонымен қатар араласатын шекараны кеңейтуге қатысты бейімділігі де бағаланды. Мысалы, адамдарға «сериал көргенде өмірде кездеспеймін деп ойлайтын адамдармен жүздесу қандай болатынын елестетемін» деген мәлімдемені мақұлдау немесе теріске шығару ұсынылған.

Осыдан соң таңқаларлық заңдылық анықталды. Өз қарым-қатынастарына алаңдайтын адамдар көбінесе сериалдар мен фильмдердің кейіпкерлерімен болатын қарым-қатынасты қалыптастыруға бейім болған. Олар көбінесе сериал қарау арқылы нақты өмір туралы білуге, өзінің қажеттіліктерін осылай жоюға тырысады.

Қарым-қатынаста қашықтық сақтауға тырысатын адамдар бірінші топтағы адамдар сияқты сериалдардағы оқиғалар туралы ой қорытып толғануға қабілетсіз екені анықталған. Олар экраннан көрген нәрсе арқылы эмоциялық тұрғыда көңілдерін басқа жаққа бұрды. Қарым-қатынастан қашатын және жақын араласудан қорқатын адамдарға сериалдардың тарихы мен кейіпкерлері жақсы әсер еткен.   Осындай үш типтегі адамдарға сериалдағы ойдан шығарылған әлем қауіпсіз кеңістік болып көрінеді. Экрандағы әлем оларға алаңсыз және қарым-қатынастан қашпауға болатын жер сияқты.

Сонымен қатар, зерттеуде айтылғандай, олар өзін дамытуға және қауіпті байланыс тудыртқан нақты мәселелерді шешуге көмектесе алады. 

https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/57689/
31 шілде 2019 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031