» » Танымал 5 фильмнің түпкі идеясы және жасырын мағынасы

Танымал 5 фильмнің түпкі идеясы және жасырын мағынасы

ТанÑмал 5 ÑилÑмнÑÒ£ ÑÒ¯Ð¿ÐºÑ Ð¸Ð´ÐµÑÑÑ Ð¶Óне жаÑÑÑÑн маÒÑнаÑÑ

Кез келген кинофильмнің концепциясы мен идеясында белгілі бір мораль, мағына немесе астарлы ой жатыр. Оның жеткізілуі де әрқалай, сондықтан бір фильмде оның түпкі ойы түсінікті, кейбірінде аңғару мүмкін емес. Назарыңызға kinostan.kz жобасы дайындаған, астарында күтпеген мағынасы бар біздің заманның бірнеше хит фильмдерін ұсынамыз.
Супермен Мұса пайғамбар, Иса пайғамбар және ұлы тоқыраудан құтқарушы



Супермен – кейіпкер ретінде комикс беттерінде алғаш рет 1938 жылы пайда болды. Бұл АҚШ-тағы ұлы тоқырау заманына тұспа-тұс келді. Қаһарманды ойлап тапқан Джерри Сигел мен Джо Шустердің солшыл көзқарасы да оның мінезіне әсер етті. Супермен әділетсіз бизнесмендермен және саясаткерлермен күресуші тұлға ретінде сипатталды. Сигел мен Шустер – еврей-иммигранттардың балалары. Олардың басқа жақтан көшіп келушілер ретіндегі статусы да Болат адамның образына ықпал етті. Кларк Кент/Кал-Эл – өзге планетадан келген бөтен, жаңа ортаға сіңісуге, соларға сай өмір сүруге тырысады. Иммигранттардың да тағдыры солай еді – өзге елдерден көшіп келушілер Америка қоғамына бейімделуді, таза америкалық болуды көздейді. Суперменнің авторлары еврей деп айтып кеттік. Сол себепті Мұса пайғамбардың образы да Кларк Кентті жасауға әсер етті. "Кал-Эл" деген есім мағынасы жағынан ивритше "Құдай дауысы" деген сөзге жақын, сол себепті "Құдай дауысын" Мұса пайғамбар рөліне аллюзия деп қарастыруға болады. Оның үстіне Кал-Эл мен Мұсаның сәби кезде аман қалу оқиғасы да ұқсас. Одан бөлек Суперменнен Иса пайғамбарды да танимыз. Екеуі де адамзатты құтқарушы рөлін атқарады. Бұл аналогия, әсіресе, Зак Снайдердің "Бэтмен Суперменге қарсы" фильмінде анық байқалады: адамдар Кларк Кентке саусағын тигізуге ұмтылады, өйткені оны әулие көреді, құдайға сыйынған кейіппен екі қолын жоғары көтеріп көмек сұрайды және Супермен адамдар үшін өзін құрбан етіп, "Әділет лигасында" қайта тіріледі.

"Бөтен" трилогиясы – СПИД дерті туралы және Вьетнам соғысының аллегориясы



"Бөтен", "Бөтендер" және "Бөтен 3" ғасыр дертіне айналған СПИД-тің метафорасы деп қарастырылады. Бұл аурудың құрбандары 1970 жылдары көп болды, имуннодефицит вирусы да сол кезде ғылымға белгісіз еді. Вирус жұқтырған адамға өлім білдіртпей келеді, дертке шалдығушы кез келген сәтте қайтыс болып кетуі мүмкін. Бұл жағдай кинода бөтен тіршілік иелерінің әрекетімен көрсетілген: олар адам ішіне білдіртпей жұмыртқалап, уақыты келгенде іштен жарып шығып, тасымалдаушыны өлтіреді. Сонымен қатар аталған фантастикалық франшизаны Вьетнам соғысына ұқсатуға болады. Әсіресе үшінші бөлімі Вьетнамға аттанған америкалық сарбаздардың оқиғасын қайталайды. Яғни үкімет жауынгерлерді алысқа, өлімге душар қылатын тапсырмамен жөнелтеді. Бұл ұқсастық жасақтың қару-жарағымен, киім-кешегі арқылы да расталғандай. Фильмдегі сарбаздардың киімі мен қаруы Вьетнам соғысына қатысқан әскердікін еске түсіреді.

"Икс адамдар" - қара нәсілділердің құқығы



Икс адамдар туралы комикстердің ортақ тақырыбы – азшылық құқығы үшін күрес. Комикс кейіпкерлері – мутанттар, олардың бойындағы қасиеттер әр түрлі және сан алуан. Бұл мультимәдениеттің белгісі. Икс адамдардың комикс беттерінде пайда болуы Америкада қара нәсілділер өздеріне тең құқықты талап етіп, бас көтере бастаған кезеңмен сәйкес келеді. Комиксте де, солар бойынша жасалған фильмдер сериясында да мутанттардың басты жауы – адамдар. Мутанттардың қабілеттері адамдарды шошытады, өздеріне ұқсамағаны үшін адамдар олардан арылғысы келеді, адамдар мен мутанттардың бір қоғамда өмір сүргенін қаламайды. Бұның бәрі қазіргі мұсылмандар мен мұсылман еместердің, ақ нәсіл мен қара нәсілдің, гетеросексуалдар мен ЛГБТ өкілдерінің арасындағы текетіресті еске түсіреді.

"Жұлдызды соғыстар" - діни сенім



Джордж Лукас "Жұлдызды соғыстар" кинодастанын ұзақ ойластырды. Жарты жыл бойы кабинеттен шықпай, түрлі кітаптарды ақтарған екен. Бірінші фильмнің сюжетін құрастыру үшін елу шақты кітапты оқып тауысыпты. Көбіне мифология теориясы мен рухани әдебиетке ден қойған. Лукас әлемнің негізгі діндерін, көне культтарды зерттейді, солардың ортақ тұстарын іздейді. Соның нәтижесінде Інжілге аллюзия жасалған, "Дао-Дэ цзин" даос трактатына сүйенген, самурайлардың "Бусидо" кодексіне еліктеген "Жұлдызды соғыстар" пайда болды. Тіпті киносериалдағы "Күш қолдасын" деген қанатты сөз де Йоанның Еванглиесінен (14:16-17) алынған. Осы кинодастанда жиі айтылатын Күштің қараңғы және жарық тараптары – кез келген діннің негізінде жатқан Жақсылық пен Жамандықтың белгісі. Оның үстіне "Жұлдызды соғыстар" танымал болғаннан кейін, фанаттар ойлап тапқан "джедаизм" деген жаңа дін пайда болды.

Годзилла – Хиросимадағы және Нагасакидегі ядролық жарылыс



Алып кесіртке туралы франшизаның алғашқы кинофильмі Жапонияда 1954 жылы жарық көрді. Америкалықтар тастаған ядролық бомбаның зардабы мен қайғысы бұл ел үшін әлі қайтпаған кезең. Осы ауыр уақыттың қасіреті бұқаралық мәдениетте де көрініс тапты. Соның бірі – "Годзилла". Талай ғасыр бойы ұйқыда жатқан алып кесіртке сутек бомбасының жарылысынан кейін оянып, жер бетіне көтеріледі. Қаһарлы тіршілік иесі айналасындағының бәрін қирата бастайды. Ежелгі динозаврдың оянуын – адамзаттың озбыр әрекеттеріне табиғаттың реакциясы деп қарастыруға болады. Годзилла ашуланғанда ауызымен атом сәулесін атқылайды. Бұны атом өнеркәсібінің зардаптарына теңеу дейді.

 https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/58104/
02 тамыз 2019 ж. 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 562

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031