» » Мамандар алғаш рет 112 жыл өмір сүрген балықты аулады

Мамандар алғаш рет 112 жыл өмір сүрген балықты аулады

Америка Құрама Штатында ғалымдар тұқымдастарының орташа өмір сүру ұзақтығы төрт есе асатын, 112 жастағы буффало балығын ұстады. 


Зерттеушілер 2011-2018 жылдары АҚШ-тың Миннесота штатында үлкен балықты ұстады. Балықты суретке түсіріп, өлшеп, бақылау датчиктерімен жабдықтап, табиғи мекен-жайға жіберіп, 386 ерекшелігін зертханаға анықтауға жіберді.

Ғалымдар аппараттың көмегімен балықтың жасын анықтады. Балықты ұзақмерзімді бақылау нәтижесінде аналық балықтың ең ұзақ жасын анықтады. Бұрын мамандар буффалолардың орташа өмір сүру ұзақтығы 26 жылды құрайды деп сенген. Алайда талдау көрсеткендей, олардың өмір сүру ұзақтығы  80-ден 90 жылға дейін жетеді.

Алыпауызды буффало - Солтүстік Америкада мекендейтін чукучановтар тұқымдасына жатады. Тұщы су өзендерінде, көлдерде және су қоймаларында жүзеді. Ол шаянтәрізділер мен ұзын жәндіктермен қоректенді.

Іріқұлақты буффалоның дене ұзындығы орташа 35 сантиметрді құрайды, қолайлы жағдайда оның салмағы 31,9 келіге жетеді. Әдетте, осы балықтарды порттық қызығушылық үшін аулайды да, кейін қайта суға жібере салады.

stan.kz
06 тамыз 2019 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031