» » Гренландияда 10 млрд тоннадан астам мұз еріп кетті

Гренландияда 10 млрд тоннадан астам мұз еріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гренландиядағы мұз жамылғысы қарқынды ери бастады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір тәулікте 10 млрд тоннадан астам мұз еріді, деп хабарлайды 24.kz.

Салыстыру үшін айтатын болсақ, бұл көлем 4,4 млн олимпиада бассейінімен тең. Ал шілде айында онда 197 миллиард тонна мұз суға айналды. Даниядағы метеорологиялық институттың мәліметі осындай. 

Жалпы, аптап ыстық Еуропаға өткен аптада басталып, қазір Арктикаға қарай бет алды. Осыған орай климатқа байланысты үлкен өзгерістер орын алуда. Мамандар бұның салдары бүкіл ғаламшар үшін проблема болайын деп тұр дабыл қағуда.

 
Фото: дереккөз
07 тамыз 2019 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031