» » 5 ғасыр өмір сүріп келе жатқан акула табылды

5 ғасыр өмір сүріп келе жатқан акула табылды


Солтүстік Атлантикада 5 ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан акула табылды. Бұл туралы «МИР 24» хабарлады.


«Жыртқыш акула гренландиялық акулалардың бір түріне жатады. Ғалымдар оның жасын 2 көрсеткіш арқылы анықтады. Біріншіден, акуланың жасы бойының ұзындығы арқылы анықталды. Бұл акулалар жыл сайын бір сантиметрге өседі. Қазір мұхиттың «ең көне тұрғынының» ұзындығы 5 метр 40 сантиметрді құрайды», - делінген хабарламада. 

Екіншіден, акуланың жасы көз жанарына жасалған радийкөміртек анализ арқылы анықталды. Үлкейген сайын акуланың көз бұршағында қабаттар пайда бола бастайды. Айта кетейік, жыртқыш акула 1505 жылы Иван Грозныйдың әкесі III Василий таққа отырған кезде дүниеге келген болуы мүмкін.


13 тамыз 2019 ж. 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031