» » 7 жасында Колорадо университетінің студенті атанған бала

7 жасында Колорадо университетінің студенті атанған бала

7 жаÑÑнда ÐолоÑадо ÑнивеÑÑиÑеÑÑнÑÒ£ ÑÑÑденÑÑ Ð°ÑанÒан бала1962 жылы Оңтүстік Кореяның бір жанұясында Ким Ун Ён есімді бала өмірге келді. 8 наурызда жарық дүние есігін ашқан сәби туғанына үш ай толар-толмаста жүре бастаған. 4 айлығында тілі шыққан. Әкесі сол кезде: "Менің ұлым – данышпан. Ким сияқтылар 1000 жылда бір рет өмірге келеді”- деген екен. 8 айлығында алгебралық есептерді оңай шешкен жас данышпан, 2 жасқа толғанда корей, жапон, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген. 

Ол 4 жасқа толғанда Ханьян университетінің физика факультетіне шақырту алған. Ал 7 жасқа толғанда Колорадо университетінің студенті атанған. Ким АҚШ-та 10 жыл тұрып, физика саласы бойынша диплом алды және  NASA-да жұмыс істеді. 



Оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына зияткерлік деңгейі ең жоғары адам ретінде енген. Кимнің IQ балы – 220. Қазір ол балалық шағын өкінішпен еске алады. Кимнің айтуынша, ол ешқашан басқа балалар сынды ойнамаған. Тек робот сынды жұмыс істеген, оқыған. Бірде-бір досы да болмаған. 



Ким отанына оралғанда көшедегі адамдардың мұны танығанына таңқалған. Ол өзгелер сияқты қарапайым мамандық алып, қоңыр тіршілік кешуді қалаған.  Стандартты аттестат алу үшін Ким мектепте емтихан тапсырған. Тек екінші рет тапсырғанда ғана емтиханнан өте алған екен. Сосын ол Чунбук Ұлттық университетінде білім алған. Әрине, ол университеті бір немесе екі жылда тәмамдап шығуға қауқарлы еді. Бірақ өзге студенттер сынды оқыған, дәрістерге қалмай қатысқан, барлық емтихандарды тапсырған. Соңында Ким университетті бітіріп, азаматтық құрылыс мамандығы бойынша диплом алған. Осыдан соң Ким басқалар сынды қалыпты ғұмыр кешкен. Бірнеше жоғары оқу орнында дәріс оқыған, ғылыммен айналысып, профессор атағын алған. 



Ким Ун Ён қазірі өміріне дән риза. Өзіне қуаныш сыйлайтын іспен айналысқанына өкінбейді. Данышпанша аяғы жерге тимей өмір сүрудің орнына қоңыр тірлікті таңдаған Ким – көптеген адамдар үшін үлгі боларлық тұлға.


massaget.kz

23 қыркүйек 2019 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 251

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930