» » Бірге жұмыс істейтін 7 өрт сөндірушінің әйелі бір уақытта босанды

Бірге жұмыс істейтін 7 өрт сөндірушінің әйелі бір уақытта босанды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Солсбери қаласында бір станцияда жұмыс істейтін жеті өрт сөндірушінің әйелі шамамен бір уақытта босанды.

Бірге жұмыс істейтін 7 өрт сөндірушінің әйелі бір уақытта босанды

Алғашында бұқаралық ақпарат құралдары наурыз айында күйеулерінің киім формасын киіп түскен жүкті әйелдердің суретіне назар аударды. Ол кезде әйелдер жүктіліктің әртүрлі кезеңдерінде болды. Сурет әлеуметтік желілерде кең таралды.

Қыркүйек айында әйелдердің бірі Брианна Митчеле өзге әйелдер мен олардың жаңа туған сәбилерін бірге түсірді.

«Болашақ аналармен суретке түскен сәттен бастап алты ай өткеніне сенбеймін. Уақыт зулап жатыр. Балалары мен аналары өрт сөндіру станциясында тұр», - деп жазды ол суретті жариялай отыра. 

Әйелдер журналистерге әдейілеп бір уақытта жүкті болмағандарын және бір-бірінің балалы болу жоспарлары туралы білмегендерін айтты.

«Мүмкін біздің күйеулеріміз жоспарлаған шығар», - деп қалжыңдады бірі.

stan.kz
26 қыркүйек 2019 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031