» » Балықшы 3 млн фунт тұратын балық ұстап алды

Балықшы 3 млн фунт тұратын балық ұстап алды

Ирландияның Корк қаласының тұрғыны қармақпен 272 келі балықты (тунец) ұстап алды.Үш балықшы Кортмакшерри ауылы маңындағы суға балық аулауға шығады. Сол жерде Дэйв Эдвардс есімді ер адамның қармағына балық ілінеді.
Жалғыз өзінің шамасы жетпеген соң оның достары Даррен О'Салливан мен Хенк Вельдман балықты судан тартып шығаруға көмектеседі. Оны судың бетіне шығарып алған соң ғана ирландиялық тұрғынның қармағына өте үлкен балық ілінгенін көреді. Эдвардс балықпен бірге суретке түсіп, белгі салып сол жердің жергілікті табиғатты қорғау жобасы тәртібіне сәйкес оны қайта суға жібереді.
Жобалап есептегенде бұндай көлемдегі балықтың сомасы 3 млн фунт стерлинг тұрады (теңгеге шаққанда - 1 432 030 000 тг).

https://alashainasy.kz/sha/balyikshyi-3-mln-funt-turatyin-balyik-ustap-aldyi-128696/
29 қыркүйек 2019 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031