» » 27 жыл түрмеде отырған америкалық әп-сәтте миллионер атанды

27 жыл түрмеде отырған америкалық әп-сәтте миллионер атанды

27 жыл түрмеде отырған америкалық әп-сәтте миллионер атанды - Марк Шанд © New England Public Radio


55 жастағы америкалық Марк Шанд сот қателігі салдарынан зардап шеккені үшін әп-сәтте миллионер атанды, - деп хабарлайды Medialeaks. 1986 жылы оған қыз баланы өлтірді деген айып тағылды. Негізінде ол есірткі сатушы екі топтың жанжалы салдарынан қаза тапқан. Алайда қылмысты Марк есімді жігіт істеді деп, өмірбойына бас бостандығынан айырған. 


Кейінірек Марк Шандқа қарсы куәгер болған адамдар өз сөздерінен айнып, оның кінәлі еместігі туралы айта бастаған. Кейбіреулері мүлде өз сөзінен бас тартқан. 27 жыл өткенде тергеушілер істі қайта қарап шыққан. Соның нәтижесінде олар Марктың еш кінәсі жоғын анықтаған. Ер адамды бостандыққа шықты. Ол моральдық өтемақы талап етті. Заң оның жағына шықты. 


Марк Шанд. © New England Public Radio Маркқа 27 миллион доллар беру үкімі шықты.

Оның адвокаты осы сомаға қанағат тұтты, бірақ оның айтуынша текке өткен 27 жылды ақшамен жуып-шаюға келмейді.  Марк болса, ақша алғаны үшін емес, арының тазарғанына мәз. Қомақты сома да оның өмірін жеңілдететіні анық. Ол бұрыннан "өз кәсібім болса" деп армандайды екен. 

kaz.tengrinews.kz
08 қазан 2019 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031