» » Таиландта алаяқ салтанатты той кезінде қалыңдығын қарызға батырып, қашып кеткен

Таиландта алаяқ салтанатты той кезінде қалыңдығын қарызға батырып, қашып кеткен

Таиландта алаяқ салтанатты той кезінде қалыңдығын қарызға батырып, қашып кеткен -


Таиландта ер адам өзін дәулетті етіп көрсетіп, салтанатты той жасап, ақысын төлемей қалыңдығын қарызға белшесінен батырып, қашып кеткен, - деп хабарлайды Bangkok Post.

Басылым мәліметінше, Таиландтың 30 жастағы Да есімді тұрғыны биыл наурызда өзін Нат деп атаған 50 жастағы  ер адаммен танысқан. Ол өзін Гонкогтағы ірі компаниялардың бірінде бас директор екенін айтып, өзін бақуатты екенін айтқан. Танысқаннан кейін бірнеше күн өткенде Нат қызға үйлену туралы сөз салған. 

Сәуірде жұп ресми түрде некесін қиып, Таиландтың Бурирам провинциясындағы қымбат қонақ үйде өтетін үйлену тойына туыстары мен достарын шақырған. 

Салтанатты шара мамырда өткен. Тойлау кезінде жігіт дереу Гонконгқа кету керектігін айтып, өзімен бірге қыздың қалыңдығы ретінде берілген чекті алып кеткен. Қыз баланың анасы той шығыны - үш миллион бат (38 миллион теңге) болғанын айтады. Бірақ салтанатты шараны ұйымдастырушы небәрі 300 мың бат болғанын айтқан. Үйлену тойы өткен қонақ үй әкімшілігі алданған қалыңдыққа қарызды бөліп төлеу мүмкіндігін берген, ал ұйымдастырушы қызды сотқа берген. Қыз бала заңгерлер көмегіне жүгініп, ажырасуға арыз берген. 

08 қазан 2019 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 247

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 296

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930