» » АФРИКАДА «АББАЙ» ДЕГЕН ӨЗЕН БАР

АФРИКАДА «АББАЙ» ДЕГЕН ӨЗЕН БАР

Естімеген елде көп. Мына қызықты қараңыз, Африкадағы Эфиопия деп аталатын елде «Аббай» деген өзен бар екен. Бұл – жазғы жауын кезінде Нілді толықтай сумен қамтамасыз ететін өзендердің бірі. Тіпті мұндай қабілетіне қарап үлкен су арнасы, үлкен су жолы десе де болғандай.
Айтпақшы, бұл елдегі ең үлкен көлдің атауы «Абая» деп аталады екен. Соған қарағанда бұларда Абай сөзі үлкен деген мағынаны білдіреді-ау шамасы. Қазақтың Абай хәкімі де үлкен құрметке лайық жан ғой, шіркін! Оны алты Алаштың бар баласы құрмет тұтады.
Солтүстік Шығыс Африкада ор­на­лас­қан осынау мемлекеттің алып жатқан жер көлемі 1127127 шаршы шақырымды құрайды. Тұрғындарының 3/4 бөлігін амхарлар мен оромолар (галлалар), қалған бөлігін тиграилер, гураге, ар­гоб­балар, данакиль, харарилер құрайды. Эфиопияда гректер мен ар­мяндар, арабтар, үндістандықтар, пәкіс­тан­дықтар тұрады. Халқының 50%-на жуығы мұсылмандар, 45%-ы хрис­тиан­дар, қалғандары жергілікті діни на­ным­ды ұстанушылар екендігін де айта кеткен жөн.

Е.ӘНУАРҰЛЫ
09 қараша 2019 ж. 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 558

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 542

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031