» » Максим Галкин концертінде ресейлік телеарналар мен Путинді келемеждеді

Максим Галкин концертінде ресейлік телеарналар мен Путинді келемеждеді

Ресейлік артист әрі тележүргізуші Максим Галкин Новосибирскіде өткен концертінде еліндегі телеканалдар Совет заманына қайта келді деп, ал Владимир Путин ресейліктерден жалықты, ол енді "ойша Марсты бағындырып" жатыр деді.

Оның концертінде сөйлеген сөздері Ютуб каналында 3 қазанда жарияланған. Бірақ БАҚ қазір ғана назар аударып жатыр. Видеоны бір айдан астам уақыт ішінде жарты миллионнан астам адам көрген деп хабарлайды Сибирь.Реалии сайты.
"Қазір ресейлік телеарналарға Совет заманы қайтып келді. Себебі, бізге ойлануға мүмкіндік бермейді. Бірден "шайнап", мынау – дұшпан, мынау жаман деп көрсетеді. Ал біздер "жағымызды сындырады ма деп" қорқып отырамыз. Бірақ қазір концерттерде ғана айтарыңды айтып қалуға мүмкіндік бар", - деп қалжыңдады Галкин.
Артист Ресей президенті Владимир Путиннің атына да бірнеше сөздер айтты. "Путинге бізбен қызық емес. Бізде проблема көп, зейнетақы алуымыз керек, ешнәрсе ұнамайды. Ал ол болса, ғаламдық деңгейде ойлайды ғой. Ол ойымен Марсты бағындырып үлгерді. Ал біз болсақ мұнда, "әрі қарай қалай өмір сүреміз" ызыңдай береміз. Ол бізге "Шыдаңдар, белбеуді қысыңдар дейді. Біз болсақ, бәрін қысып жатырмыз, кейбірі белбеуін, енді бірі мойнын", - деп қалжыңдады Галкин.
Жүргізуші Дмитрий Киселёв болса Галкиннің сөздерімен келіспейді. Оның пікірінше, телеканалда цензура жоқ.
Ресейлік Бірінші каналдың "Время покажет" бағдарламасының жүргізушісі Артём Шейнин "Галкин халық әртісі атағын алмағандықтан қайғырып жүр" дейді.
Галкинді тек белгілі журналист Владимир Познер ғана қолдады. "Ресейде саяси тақырыпта бәрін айтатын телеканал жоқ", - деді ол.

abai.kz



11 қараша 2019 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 558

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 542

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031