» » Дүкеннен ескі диван сатып алған тұрғын 43 мың доллар тауып алды

Дүкеннен ескі диван сатып алған тұрғын 43 мың доллар тауып алды


АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны комиссиялық дүкеннен ескі диван сатып алып, оның ішіне жасырылған 43 мың долларды тауып алыпты. Дегенмен ер адам адамгершіліктен аттамай, ақшаны бұрынғы иелеріне қайтарып берген екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Fox News-ке сілтеме жасап.

 

Кирби есімді тұрғынның сөзінше, сатып алынған диван отыруға қолайсыз болған. Сондықтан ер адамның қызы жастықтардың ішінде не жатқанын тексермек болып, ілгекті ағытыпты. Сол кезде ару бірнеше долларлық купюраларды көрген.

Олжаға кенелген Кирби бұл ақшаны алуға құқығы бар ма жоқ па деген сауалмен заңгерге жүгінген. Ол өз кезегінде ақшаның толықтай Кирбиге тиеслі болғанын айтыпты.

Десе де, ер адам дүкенге қайта барып, жиһаздың бұрынғы иелерін іздестіріпті. Кейіннен анықталғандай, оларға бұл диванды аталары мұра ретінде қалдырып кеткен екен. Кирби о баста өз үйінің шатырын жөндемек болғанымен, бұл ақшаны заңды иелеріне қайтаруға ұйғарыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордалық полиция департаменті Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісінің клиенттің тастап кеткен әмиянын пайдаланып, айыппұлдарын төлегені туралы хабарлаған еді.

kaz.nur.kz
21 қаңтар 2020 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9605)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930