» » Джеки Чан коронавирусқа қарсы ем ойлап тапқандарға 55 миллион теңге береді

Джеки Чан коронавирусқа қарсы ем ойлап тапқандарға 55 миллион теңге береді

Бір кездері адам толып жүретін көшелердің бос қалғанын көргім келмейді, - дейді актер.

Джеки Чан коронавирусқа қарсы ем ойлап тапқандарға 55 миллион теңге береді


Қытай актері Джеки Чан коронавирустың жаңа типінне қарсы дәрі жасаған адамға миллион юань (шамамен 55 миллион теңге) беруге уәде етті, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Вируспен күресте "Ғылым мен технология - кілт, көптеген адам бұл ойымды қолдайды деп ойлаймын және емі мүмкіндігінше ерте ойлап табылады деген үміттемін", - деп келтіреді басылым әртістің сөзін.

Жеке тұлға болсын, ұйым болсын - кімде-кім вирусқа антидот жасап шығаратын болса, оған актер сыйақы беруге уәде етті. Актер ниеті дұрыс түсінілмей қалмауын өтінді.

"Мәселе ақшада емес. Бір кездері адам толып жүретін көшелердің бос қалғанын көргім келмейді, отандастарым вируспен өлгенше күрескенін көргім келмейді, олар өмірдің рахатын көруі тиіс", - деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус құрбандарының саны 811-ге жетті, 37,1 мың адам ауру жұқтырған, 2649 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

ernur.kz



10 ақпан 2020 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Сұхбат

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР
11 тамыз 2020 ж. 7

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31