» » Уханьдағы аурухананың басшысы коронавирустан қайтыс болды

Уханьдағы аурухананың басшысы коронавирустан қайтыс болды

Ер адам коронавирустан қайтыс болған алғашқы аурухана басшысы.

Уханьдағы аурухананың басшысы коронавирустан қайтыс болды



Уханьдағы уақытша медициналық мекемелердің бірінің басшысы әлемді дүрліктірген коронавирус дертінен қайтыс болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Шетелдік БАҚ COVID19 жаңа атауына ие болған вирустан "Учан" ауруханасы директоры 17 желтоқсан күні көз жұмған жазады.

Айта кетейік, ер адам коронавирустан қайтыс болған алғашқы аурухана басшысы. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 1873 адамға жетіп, вирусты жұқтырғандар саны 73 мыңға өскен.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда коронавирус ошағына айналған Хубэй аймағының билігі жаяу жүргіншілер мен транспорттың барлық түріне қозғалуға тыйым салғаны белгілі болды.

Қозғалуға тек медициналық қызметкерлер мен өңірдің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлеріне рұқсат етілген. Алайда олар үшін де арнайы шектеулер бар. Бұл ережелерді бұзғандар жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалады, одан бөлек айыппұл салынады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, енді ондаған миллион адам өз үйлерінде отыратын болады. Одан бөлек, Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырып отыр. Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі.


ernur.kz
18 ақпан 2020 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930