» » 20 000 жыл бұрын өмір сүрген аңдардың қалдықтары табылды

20 000 жыл бұрын өмір сүрген аңдардың қалдықтары табылды

Аргентинада 20 000 жыл бұрын мекендеген аңдардың сауыты табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сауыттты

Жергілікті фермер белгісіз аңдардың қалдықтарына кез болыпты. Олардың ең үлкені Volkswagen Beetle маркалы көлігімен бірдей көрінеді. 

Аңдардың қалдықтары Буэнос-Айрес қаласындағы өзеннің маңында анықталыпты. Алғашында тек екі сауыты жерден шығып қалған, кейіннен палеонтологтар тағы бірнешеуін қазып алған. 

Ғалымдардың пайымдауынша, табылған сауыттар екі жас және екі ересек жануарларға тиесілі болуы мүмкін көрінеді. Алдағы уақытта олардың өлім себептері, салмағы мен жынысы анықталмақ. 

сауыт


"Біз тек екі глиптодонтты табамыз деп ойладық, алайда тағы екеуінің қалдығына кезіктік", - дейді Пабло Мессинео.

Атап кетерлік жайт, глиптодонттар қазіргі сауыттылар (армадило) арғы аталары болып саналады. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі сауыттылар Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарында мекендеген. 

Десек те кейбір зерттеушілер табылған сауыттардың шынайы емес болуы мүмкін деген пікір айтты. Алайда жануарлардың қалдықтарын қазумен айналысып жүрген бірқатар мамандар сауыттардың жалған еместігін алға тартты. 
сауыт

02 наурыз 2020 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930