» » Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін.

Қытай ғалымдары коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Коронавирус тараған Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін екенін айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Мамандардың сөзінше, коронавирустық инфекция адамның өкпе тіні мен иммунды жүйесін зақымдайды, деп хабарлайды "Аргументы недели" басылымы. Бұл дегеніміз, коронавирустан емделген адамның денсаулығы болашақта да сыр беруі мүмкін. Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн аурудан айыққан пациент өмір бойы демікпеден зардап шегетінін түсіндірді.

"COVID-19 вирусының организмге әсері ОРВИ мен СПИД-тің комбинациясына ұқсайды. Өйткені ол өкпеге де, иммунды жүйеге де зақым келтіреді", - деп атап өтті дәрігер.

Ол аурудың ерте сатысында, ең алдымен, өкпені қорғау керек екенін айтты.

Коронавирустың таралуы

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмония таралып жатқаны туралы хабарлады.

Сарапшылар індеттің қоздырғышын анықтады – 2019-nCoV коронавирусы. Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 110 034 адамды құрап отыр, инфекция 100-ден астам елге жетті. Қазақстан ақпан айының басында Қытаймен барлық жолаушылар тасымалы қатынасын тоқтатты.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері COVID-19 вирусының таралуы бойынша қауіпті елдер тізіміне өзгеріс енгізді.

Енді 1 "а" санатына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея, ал 1 "б" санатына Италия кіреді. Екінші санатта – Испания мен Германия.

Ең көп ел үшінші санатқа еніп отыр. Олар: Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария, ҚХР


10 наурыз 2020 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930