» » РОБОТОТЕХНИКА – адамзат болашағына қалай әсер етеді?

РОБОТОТЕХНИКА – адамзат болашағына қалай әсер етеді?

Бүкіл әлем жыл санап емес, ай санап, тіпті күн санап дамып, цифрландыру заманына иек артып отыр. Цифрландыру дегеніміз – бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің құралдары. Цифрландыруды – бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды бағытқа алған мемлекеттер ұстанады. Қазіргі таңда бұл технологиялардың ең озық үлгілері жасақталу үстінде.  Яғни, ол біздің бүгінде қолданып жүрген ақпараттық технологиядан әлдеқайда жоғары.

Қазіргі таңда әлем елдері робототехника ғылымына ден қойып отыр. 
Жалпы, робототехника – роботтардың құрылысымен, жұмысымен, оған қоса оларды басқарумен айналысатын ғылыми технологияның саласы. Робототехника – автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым. Ол механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады. Қазіргі таңда әлемде робототехника ғылымы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазақстан да дамыған елдер қатарына қосылуда ғылыми-техникалық прогрестен шет қалмауы тиіс.
Қарап отырсақ, бұрындары  тек қиял-ғажайып кинолардан ғана көретін құлтемір (робот) бүгін біздің әлемде «тіршілік» етіп жатыр. Тіпті ол азаматтық алып та үлгерді. Америкалық Hanson Robotics компаниясы жасап шығарған жасанды интеллект әйел София адам баласына тән құбылыстар мен барлық іс-қимылдарды толық меңгеріп алған. Ол көптеген тілде еркін сөйлей алады. Құлтемірге араб елінің азаматтығы берілген. София адамдардың жер бетінде жаппай құлтемірлер жіберіліп, қаншама адамның жұмыссыз қалуынан қауіптенетінінен хабардар екенін де жеткізді. «Жер бетінде жасанды интеллекттердің көбеюі адам баласына ешқандай зиян тигізбейді. Олар мейірімді әрі сүйкімді және жамандық жасауға еш ынтасыз. Егер, сіздер менің ойымның жетілуіне қажетті ақпараттарды тезірек енгізетін болсаңыздар, сәйкесінше жемісін көресіздер», – дейді София. Сондай-ақ, жасанды интеллект иесі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнайы келіп, жас қаламыздың болашағы зор екенін және Қазақстан жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын айтқан болатын. Софияның сөзін қуаттаған ғалымдар жаһандық заманда жасанды интеллекттің қолданысқа енуі ешқандай қауіп төндірмейтінін, керісінше, өмір сүру одан әрі жеңілдейтінін айтып отыр.
09 наурыз 2020 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031