» » Парфюмерия өндірушілері Dior және Givenchy антисептиктер шығарады

Парфюмерия өндірушілері Dior және Givenchy антисептиктер шығарады

Француз LVMH парфюмерлік компаниясы Christian Dior, Guerlain и Givenchy парфюмериясын өндірудің орнына, коронавирусқа қарсы ауруханаларға антисептиктер шығаруды бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW-ге сілтеме жасап.



Компания дезинфекциялық препаратты 15 наурызда шығаратынын жариялады. Бір аптаның ішінде концерн 12 тонна қол гелін шығарады деп күтуде. Антисептиктер Францияның денсаулық сақтау органдарына тегін беріледі. Бірінші кезекте, оларды Париждегі 39 мемлекеттік аурухана алады, делінген концернде.

Коронавирус індетіне байланысты Францияда вирусқа қарсы құралдарға, соның ішінде қол гельдеріне деген сұраныс айтарлықтай өсті. Нәтижесінде көптеген дәріханалар мұндай гельді бір адамға тек бір бөтелке сатып, шектейді. Париж ауруханаларында антисептиктер бар, бірақ керек-жарақтар жетіспейді дейді денсаулық сақтау қызметкерлері.

Сонымен бірге, елде коронавируспен ауыратындар саны 120-ға жетті. 14 наурыздан 15 наурызға дейінгі бір күн ішінде өлім саны үштен бірге өсті, бұл Франциядағы бүкіл індеттің күрт өсуі, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Оливье Веран.

16 наурыз 2020 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930