» » СИ ЦЗИНЬПИН ҚЫТАЙДЫ ӨМІР БОЙЫ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

СИ ЦЗИНЬПИН ҚЫТАЙДЫ ӨМІР БОЙЫ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ


Си Цзиньпиннің өмір бойы билік ету жолындағы соңғы шарттылық жойылды: Қытай парламенті конституциядағы президент болу мерзіміне қойылған шектеуді алып тастауға келісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Жалпықытайлық жиынының үш мыңға жуық мүшесі бұл шешімді қолдаса, екеуі қарсы болып, үшеуі дауыс беруден қалыс қалды.
    Қытай басшыларының билік басында болуын екі бес жылдық мерзімге шектеу туралы ереже 1990 жылы Дэн Сяопиненің кезінде конституциямен бекітілген болатын.
    Сидің екінші мерзімі 2023 жылы бітеді. Қазан съезінде ол орнын кім басатынын айтқан жоқ, осылайша билікте өмір бойы қалуға ниетті екенін білдірді.
    Мао билік құрған кезде репрессияға ұшыраған партия аппараты қызметкерінің ұлы Си бала кезінде ауылға жер аударылып, үңгірде тұрған және Пекинге келмес бұрын алқапта жұмыс істеген. Ол осылайша партия баспалдағымен ең жоғары дәрежеге дейін көтерілді.
    Ол билікке келген кезде жемқорлыққа қарсы ауқымды партия құрып, бастапқы бес жылда халық ішінде өзінің танымалдығын арттырды.
    Си Қытай біртұтас коммунистік мемлекет үлгісінің өміршеңдігін дәлелдеді және ол дамушы елдер үшін «жаңа таңдау» болуы керек деп санайды.
    Ол бұл туралы қазан съезінде «Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі социализм туралы ойларын» бөліскен.
    Енді ол ойлар негізгі заңға бекітілген және Сидің ойына қатысты туындаған кез келген қарама қайшы ой Қытай конституциялық жүйесіне шабуыл жасаумен теңестіріледі.
    Мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарындағы студенттер және партия жиналысындағы жұмысшылар Сидің философиясын оқитын болады және «жаңа дәуір» туралы егжей-тегжейлі талқылайды.
    Бұған дейінгі Қытай билеушілері де өз идеологиясы бойынша заңға өзгерістер енгізген, алайда Маодан басқа ешкім оны «ойлар» деп санамаған. Сиға дейін конституцияға Қытайдың екі көшбасшысы – Мао мен Дэн Сяопиннің ғана есімдері кірген, бірақ ол кезде Дэн Сяопиннің өзі өмірден өтіп кеткен болатын.
    Енді жаңа дәуірде қытайлықтар бұрынғыдан байырақ әрі бірлігі жарасқан ұлт ретінде танылып, мемлекет әлемдік деңгейдегі қауымдастықтың көшбасшысы болып, батыс демократиясының дағдарыс дәуірінде үлгі болады.



https://syr-media.kz

12 наурыз 2018 ж. 74 0