» » Апалы-сіңлі маска тағуды сұраған дүкен күзетшісін 27 рет пышақтаған

Апалы-сіңлі маска тағуды сұраған дүкен күзетшісін 27 рет пышақтаған

АҚШ тұрғындары маска режимін сақтауға шақырған дүкен күзетшісіне бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында жас қыз өзімен таныспақ болған ер адамдарға пышақ сұғып алған


Чикагоның екі тұрғын - 21 жастағы Джессика және 18 жастағы Джейла Хилл күзетшінің бетперде тағып, санитайзерді қолдану туралы өтінішіне агрессивті түрде жауап берді. Қыздардың бірі ер адамды ұрған, сол кезде оның әпкесі қалтасынан пышақ шығарды. Қыздардың кенжесі ер адамды шашынан ұстап тұрғанда, үлкені кеуде, арқа, мойын және қол аймағына соққы берді. Жарақатына қарамастан, күзетші полиция келгенге дейін қылмыскерлерді ұстап тұрды. Қыздар сол жерде қамауға алынды, оларға кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағылды. Жәбірленуші оқиға орнынан ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, бірақ оған тігіс пен хирургиялық көмек қажет болмаған.

Бірінші сот отырысында апалы-сіңлілердің адвокаты екі қыздың да биполярлық бұзылудан зардап шегетінін айтты. Оның айтуынша, америкалықтар өзін-өзі қорғау үшін пышақты қолданған. Сонымен бірге, сотта апалы-сіңлілер оқиғаға дейін күзетшімен таныс емес екенін атап өтті. Келесі отырыс төртінші қарашаға белгіленді.

stan.kz
29 қазан 2020 ж. 408 0