» » «Реал Мадрид» қазақстандық суретшінің жұмысын ресми парақшасында жариялады

«Реал Мадрид» қазақстандық суретшінің жұмысын ресми парақшасында жариялады

Суретші жапыраққа клуб логотипі мен команда капитаны Серхио Рамостың бейнесін ойып жасаған.

Мадридтік «Реал» футбол клубы қазақстандық суретші, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Қанат Нұртазиннің жұмысын Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп жазады baq.kz. Суретші жапыраққа клуб логотипі мен команда капитаны Серхио Рамостың бейнесін ойып жасаған. Ал парақшадағы видеоның астына «Бұл таңқаларлық», деп жазылған. Клуб жанкүйерлері де суретшінің бұл туындысына ерекше ықыластарын білдіріп, пікір қалдырған. Айта кетейік, Қанат Нұртазин 2020 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Ол сонымен қатар, «Бейнелеу өнерінің 100 әдісі» жобасының авторы. Суретші бұған дейін халықаралық Nickelodeon балалар телеарнасы және Disney телекомпаниясымен жұмыс істеген болатын.


29 наурыз 2021 ж. 10 000 0

№60 (9740)

31 шілде 2021 ж.

№59 (9739)

27 шілде 2021 ж.

№58 (9738)

24 шілде 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031