» » Порьемен айқаста аяғын сындарған МакГрегорге операция жасалды

Порьемен айқаста аяғын сындарған МакГрегорге операция жасалды

Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр.

Порьемен жекпе-жек кезінде аяғын сындырып алған Конор МакГрегорға 3,5 сағат ота жасалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазір спортшы Лос-Анжелестегі клиникада жатыр. Портал мәліметі бойынша, МакГрегордың жіліншік сүйегіне интрамедулярлы өзек салынып, ұзын түтікше тәрізді аяқ сүйегі пластина және бұранда арқылы бекітілген. Еске салайық, аралас жекпе-жек файтері (MMA) Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек 11 шілдеде Лос-Анджелесте өткен болатын. Жекпе-жек бір раундқа созылды. Алғашқы бес минуттың соңында МакГрегор аяғын қайырып, сындырып алған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді.

12 шілде 2021 ж. 1 326 0

№60 (9740)

31 шілде 2021 ж.

№59 (9739)

27 шілде 2021 ж.

№58 (9738)

24 шілде 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031