» » Токио Паралимпиадасы: дзюдошымыз күміс жүлдегер атанды

Токио Паралимпиадасы: дзюдошымыз күміс жүлдегер атанды

Финалда Сәриев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен белдесті. Осы жекпе-жекте қарсыласы бірінші болып "вазари" ұпайымен алға шықты

Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сәриев (60 келі) Токио Паралимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәриев бірден ширек финалдық жекпе-жектерден бастаған болатын. Алғашқы белдесуде қазақстандық спортшы моңғол Ядамдорж Сухбаатарды жеңді. Ал жартылай финалда Венесуэла дзюдошысы Маркос Дениз Бланкодан басым түскен.

Финалда Сәриев әзірбайжандық Вугар Ширинлимен белдесті. Осы жекпе-жекте қарсыласы бірінші болып "вазари" ұпайымен алға шықты. Отандасымыз есепті теңестіре білді.

Алайда жекпе-жектің соңында Ширинли өз әдісін іске асырып, жеңіске қол жеткізді. Осылайша, дзюдошы Әнуар Сәриев күміс жүлдеге ие болды.


27 тамыз 2021 ж. 918 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930