» » Ауғанстанға аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

Ауғанстанға аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ


Ауғанстандағы халықтың 90 процентінен астамы тамаққа зәру. БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының мәліметі осындай, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дерек бойынша бұл елде әр екінші бала тойып тамақ ішпейді. Өйткені тәліптер билікті қолға алғалы Ауғанстанда экономикалық дағдарыс орнады. Бұрын да көмекке зәру елге қазір көптеген мемлекет және ұйымдар көмек көрсетуден бас тартып, валюта қорын бұғаттап тастады. Енді миллиондаған адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Оның үстіне биыл елде қуаңшылық болып, егістің 40 проценті күйіп кеткен. 

«Елдің басым бөлігі азық-түлік импортына тәуелді. Әсіресе бидай ұны мен нанға. Ал валюта қоры болса бұғатта тұр. Мемлекеттік бюджет тапшылықтан тұралап қалған. Банктер азаматтарға қолма-қол ақша беруді тоқтатқан. Азық-түлік пен жанармай бағасы болса қымбаттап жатыр», дейді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты өңірінің аймақтық директорының орынбасары Антея Уэбб.


11 қыркүйек 2021 ж. 402 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930