» » Сомалиде 30 жылдан бері алғаш рет кинотеатрда фильм көрсетілді

Сомалиде 30 жылдан бері алғаш рет кинотеатрда фильм көрсетілді

Сомалиде 30 жылдан бері алғаш рет көпшілікке кино көрсетілді. Бұл туралы BBC Africa хабарлайды.

Фильмнің көрсетілімі Сомали астанасы Могадишодағы Ұлттық театрда өтті. Бұл театр азаматтық соғыс кезінде әскери база ретінде пайдаланылған. Көрермендер жергілікті режиссер Ибрагим К.М. түсірген қысқа метражды фильмді тамашалады. Ал билет құны 10 долларды құраған. 1967 жылы салынған театр 70-80-жылдары Сомалидің мәдени дамуының қозғалтқышы болған. Дегенмен азаматтық соғыс басталғалы, яғни 1991 жылдан бері әскери командирлердің базасы айналды.

Осы жылдар аралығында бүлінген ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2012 жылы ол қайта ашылған. Дегенмен көп ұзамай-ақ «Аль-Шабаб» содырлары жарылыс ұйымдастырды.
23 қыркүйек 2021 ж. 248 0