» » Дубайда EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесі ашылды

Дубайда EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесі ашылды

Дубай қаласында дүниежүзілік EXPO 2020 көрмесі ашылды, ол бұрын СOVID-19 коронавирустық пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілген.

Көрме жұмысының 182 күнінде 192 елдің экспозициялары техника, ғылым және өнер саласындағы жетістіктер мен инновацияларды көрсетеді. Оған 25 млн адам келеді деп күтілуде. Дубай билігі бұл шараға шамамен 7 миллиард доллар жұмсаған. Барлық елдің азаматтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған COVID-19 вакциналарының бірімен толық егілген жағдайда Біріккен Араб Әмірліктеріне бара алады.

Көрмеге 18 жастан асқан және вакцинаны растайтын құжаты немесе ПТР тестінің теріс нәтижесі бар адам кіреді.

01 қазан 2021 ж. 753 0