» » 85 адам пиццадан уланып қалды

85 адам пиццадан уланып қалды

Бішкекте «Пицца империясы» кафесінің танымал желісінде 85 адам жеңіл тамақтан уланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«25 қазан күні темір жол ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан уланып, медициналық көмекке жүгінгендердің жалпы саны 85 адамды құрады», деді Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер «Пицца империясының» танымал тамақтану орындарының төрт кафесінде болған.

«Мемсанэпидқадағалау орталығының мамандары эпидемиологиялық тексеруді жалғастыруда», деп атап өтті ведомствода.

25 қазан 2021 ж. 976 0