» » 18 жастағы қыз лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды

18 жастағы қыз лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды


Канада тұрғыны лотереядан өмірінің соңына дейін жетерлік ақша ұтып алды. Оған жүлденің екі нұсқасы ұсынылған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды BBC News-ке сілтеме жасап.
Шарли Лагарде кәмелет жасқа толғанын тойламақ болып бір бөтелке шампан мен лотерея билетін сатып алып жеңімпаз атанды.
Қызға 2 нұсқа ұсынылды: бірден 1 миллион канадалық долларын алу немесе өмірінің соңына дейін апта сайын 1000 канадалық доллар иелену.
Шарли қаржы кеңесшісімен ақылдаса келе аптасына 1000 канада долларын алатын болды.
Ол бұл ақшаны саяхаттау мен білім алуға жұмсайтынын айтты.
“Мен фотографтың оқуын оқығым келеді. Менің арманым – журналдарға саяхат туралы суреттер түсіру”, – дейді ол.


http://stan.kz
30 наурыз 2018 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031