» » Жол апатынан мерт болған ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң дүниеге келді

Жол апатынан мерт болған ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң дүниеге келді

Қытайда жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң туды. Бұл жайлы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ВВС хабарлайды.
2013 жылы жасанды ұрықтандыру жолымен бала табуға үміт артқан ерлі-зайыпты бірнеше эмбрионын мұздатып қояды. Алайда көп өтпей олар жантүршігерлік жол апатына ұшырап, қаза табады. Жол апатынан кейін ерлі-зайыптының ата-аналары соттан эмбриондарды пайдалану құқығын алуға көп уақыт жұмсауына тура келді. Ұзаққа созылған талқылаулардан соң сот эмбриондарды пайдалану құқығын құда-құдағиларға - төрт адамға берді. Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, бұған дейін ата-аналар өз балаларының эмбриондарын мұра етіп алған жағдай болмаған. Қытайда тыйым салынғандықтан, ата-әжелер суррогат ананы заң рұқсат беретін басқа елден - Лаостан іздеп тапты. Бала суррогат ана Қытайға саяхаттағанда дүниеге келді, оған Тяньтянь деген есім қойылды. 
13 сәуір 2018 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9449)

18 қыркүйек 2018 ж.

№69 (9448)

15 қыркүйек 2018 ж.

№68 (9447)

11 қыркүйек 2018 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930