» » Асырай алмадым: Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

Асырай алмадым: Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген

27 жастағы әйел асырай алмайтынын сылтау етіп, балаларын өлтіруге бел буған. Ол екі бірдей перзентін өртеп жіберген. Оқиға Ресейдің Нижегородская облысында орын алған.

Асырай алмадым Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген
Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ресей тергеу комитетіндегілердің айтуынша, әйел 25 сәуір күні өзінің 4 жасар қызы мен 2 жасар ұлын көлікте буындырып өлтірген. Әйел өз үйінің алдында қылмыс жасап, сол күні балаларының денесінен құтылмақшы болған. Ол жанармай бекетінен от тұтатуға арналған сұйықтық сатып алып, Семеновский ауданына бет алған. Сөйтіп Шалдеж ауылының маңында өз балаларын өртеп жіберген.
Аңшылар көріп қоя ма деген үреймен ол отты сөндіріп, балалардың мүрдесін қайта салонға әкеліп қойған. Бұдан кейін Нижний Новгородқа жол тартқан. Араға бір күн салып көз жұмған ұлы мен қызын қайтадан Семеновский ауданына апарған. Сөйтіп адам тұрмайтын құрылыс алаңында өртеп, оқиға орнынан ізін суытқан.
Асырай алмадым Анасы өзінің ұл-қызын өлтіріп, денелерін өртеп жіберген
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған. Ол балаларын асырай алмағандықтан осындай қадамға барғанын айтқан.
Ведомстводағылар әйелдің ажырасқанын және ешқайда жұмыс істемейтінін атап өтті. Алайда әйел ай сайын автокөліктерді жалға алуға 40 мың рубль жұмсайтыны анықталды. Сондай-ақ, безбүйрек ана балаларын өлтірмес бұрын шетелге жолдама сатып алған екен.
Жақын арада күдіктіге қандай жаза кесілетіні анықталады. Сондай-ақ, оның ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін сараптама жүргізіледі.

stan.kz

28 сәуір 2018 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30