» » Түрікмен полициясы қара түсті жеңіл көліктерді аққа бояуды талап етіп жатыр

Түрікмен полициясы қара түсті жеңіл көліктерді аққа бояуды талап етіп жатыр


Ашхабад мемлекеттік көлік инспекциясының қызметкерлері қара түсті жеңіл көліктің иелерінен автомобильдерін ақ түске бояу туралы өтініш жазуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың түрікмен қызметінің дереккөзіне сілтеме жасап.

Желтоқсан айының аяғында Түрікменстанның көлік инспекциясы ескертусіз қара түсті көліктерді эвакуациялай бастаған. Оларды автотұрақтан алып, айып тұрағына көшірген.

Дереккөздің мәліметінше, көлік иелерінің өтініші негізінде автомобильдің түсін өзгертуге рұқсат береді. Ол үшін көлік иелері айыппұл төлеп, көліктерін алып, түсін өзгерту жөнінде өтініш жазу керек.

Енді көлікті бояуға рұқсат алу үшін көлік инспекциясы мекемесінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Көлік иелері билік бұл жағдайдың бәрін жүргізушілердің "өз қалауы" етіп көрсеткілері келеді дейді.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа жылдан бастап Түрікменстанда қара автомобильдерге тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, Түрікменстанда көлік жүргізу куәлігі бар екеніне қарамастан, әйелдер автомобиль жүргізу құқығынан айырылды.

10 қаңтар 2018 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930