» » ҚҰМ ҚАМАЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ

ҚҰМ ҚАМАЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Рио-де Жанейроның тұрғыны Марсиу 22 жылдан бері өзін патша санайды.
  Бірақ ол қоныстанған қамал тастан емес, құмнан салынған. Мұнда бразилиялық жалғыз өзі тұрады, өзге ешкім жоқ. Қонақтың келуі де екіталай.
  Өйткені, қамалдың ішкі көлемі үш шаршы метр ғана. Баспананы Марсиу Матолиаштың өзі тұрғызды. Айтуынша таршылық етпейді. Тіпті, керек жарағы мен кітаптарын сақтайтын жер де жеткілікті.
  Патша үйі жағалауда орналасқан. Патша көңілді азамат бір кездері көпшілікпен қатар қарапайым үйде тұрған. Кейін жағалауға келгіштеп жүріп, құмнан қамал салуға әуестенген. Ақыры осында көшіп тынған. Тұрмысына шағымы жоқ. Ішер асын далада пісіріп жейді. Ал ауа райы тым ыстық болса, көршісіне барып түнеуге мәжбүр болады екен.
 Марсиу Матолиаш, Рио-де-Жанейро тұрғыны:
- Мен өзімді бақытты жанмын деп санаймын. Мәселе адамның рухани байлығында. Өзімді жалғыз сезініп, көңілім жабырқап қалса да қатты қайғырмауға тырысамын. Бақыт деген – өзіңе-өзіңнің көңілің толуы деп білемін.



https://kyzylorda-news.kz
05 мамыр 2018 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031