» » Цукерберг Facebook-те қандай өзгерістер болатынын айтты

Цукерберг Facebook-те қандай өзгерістер болатынын айтты


Марк Цукерберг Facebook-тегі жаңалықтар таспасында өзгерістер болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Цукерберг енді әлеуметтік желі қолданушыларының туыстары мен достарының жарияланымы желіде жиі көрініп, жаңалықтар мен хабарламалар сирек көрінетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жаңалықтар таспасында өзгерістер болады. Сіздер достарыңыз бен туыстарыңыздың ақпаратын жиі көретін боласыздар. Енді компаниялар мен БАҚ жаңалықтары таспадан аз көрінеді», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Facebook-тің негізін қалаушы осы өзгерістерді іске асыру процесі жүріп жатқанын, ол бірнеше айдан кейін жүзеге асатынын мәлімдеді.
12 қаңтар 2018 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031