» » Лотерея билеттеріне 18 жыл бойы бірдей сандарды жазып келген ер адам 671 миллион теңгеге ие болды

Лотерея билеттеріне 18 жыл бойы бірдей сандарды жазып келген ер адам 671 миллион теңгеге ие болды


АҚШ-тың Айдахо штатының тұрғыны  Майкл Трэн лотерея билеттеріне 18 жыл бойы бір сандарды жазып келген. Нәтижесінде ол 2 миллион доллар (671 млн теңгеден аса) ұтып алды.

Бұл туралы UPI порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адам Бойсе қаласында лотерея билетін сатып алып, оған соңғы 18 жыл бойы жазып келе жатқан 06-10-15-25-36 сандарын жазыпты. Мұнан кейін ол смартфондағы қосымшаның көмегімен билетті сканерден өткізген. Артынша оған ұйымдастырушыларға хабарласуы керектігі жөнінде жазылған хабарлама келген.
«Мұнан кейін мен ұтысты сандарға қарадым. Олар маған сондай таныс көрінді», – дейді Трэн.
Ұйымдастырушылар ер адамға 2 миллион доллар (671 млн теңгеден аса) ұтып алғанын айтқан.
Ендігі ер адам ұтыс арқылы ие болған ақшасын ипотеканы жабуға жұмсамақ. Ал қалғанын болашақтағы мақсаттарым үшін сақтап қоямын, дейді ол.



http://stan.kz/
14 маусым 2018 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930