» » Индонезиялық әйелді питон жыланы жұтып қойған

Индонезиялық әйелді питон жыланы жұтып қойған


Индонезияның Сулавеси аралында 8 метрлік жылан индонезиялық әйелді тұтастай жұтып қойды және бұл бір жылдың ішінде екінші мәрте орын алып отырған оқиға, деп мәлімдейді Индонезия ақпарат агенттіктері. Бұл ақпарат туралы  The Jakarta Post агенттігіне сілтеме жасап 
«IRNA» ақпарат агенттігі  хабарлайды.
Жергілікті полицияға 54 жастағы индонезиялық әйелдің Рамазан айының аяқталуына бір күн қалғанда   із-түзсіз жоғалғандығы туралы ақпарат тіркелген.  Ва Тиба есімді әйел жүгері плантациясын қарауға кеткен бойдан қайта үйіне оралмаған. Әйелдің  туыстары мен жақындары оны іздеу барысында жүгері плантациясының маңынан оған тиесілі заттарды тапқан.
Жергілікті тұрғындар келесі күні плантация маңынан 8 метрлік жыланды ұстап, қарнын жарғанда, ішінен жоғалған әйелдің денесін тапқан.
Осы жылдың басында Индонезияның Сулавеси аралынан тағы да питон жыланы бір индонезиялық ер адамды жұтып қойған еді.
24 маусым 2018 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930