» » Әлемдегі ең жүйрік көліктердің бестігі аталды

Әлемдегі ең жүйрік көліктердің бестігі аталды


Әлемдегі ең жүйрік автокөліктердің үздік бестігі жасалды. Рейтинг машиналардың барынша жоғары жылдамдықтары бойынша түзілді. Бұл туралы «Мир 24» телеарнасы хабарлады.

Бірінші орынға Hennessey Venom F5 орналасты. Оның максималды жылдамдығы 484 км/сағат. Дегенмен, бұл тек автоөндірушілердің айтып отырғаны , тіркелген ресми мәліметтер жоқ. Машинаға қуатылығы 1600 ат күшіне тең 7,4 литрлік турбомотор орнатылған. Екінші орынға сағатына 477 шақырыммен қозғала алатын Koenigsegg Agera RS қойылды. Гиперкар жоғары жылдамдықты көрсете алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл ресми түрде дәлелденген ең жоғары жылдамдық болып табылады. Өткен жылдың соңында Koenigsegg компаниясының иесі Никлас Лила өзінің гиперкарымен Лас-Вегастағы 17 шақырымдық жолмен екі рет айналып өткен.

 Олардың бірінді максималды жылдамдық 458 км/сағатты құраған. Сарапшылар үшінші орынды сағатына 434 шақырым алатын Hennessey Venom GT көлігіне беріп отыр. Бұл көлік танымал гиперкар өндіруші компанияларды басып озған. Мықты қозғалтқышы бар машинаның максималды жылдамдығы ресми түрде расталған. Бірақ сарапшылардың олардың сериямен жасап шығарылатынына күмәнді.

Себебі олар бір-бірлеп, қолмен құрастырылады деген пікір бар. Төртінші орын сағатына 431 шақырым жылдамдықпен жүйіткитін Bugatti Veyron SS-қа берілді. Атап өтілгендей, аталмыш брендтің SS нұсқасы өз кезінде ең жылдам автомобиль атағын қайтарып алу үшін шығарылған. Ақыры қозғалтқыштың қуаты 1200 ат күшіне дейін арттырылып, аэродинамикасы жетілдірілгеннен кейін бәсекелестер артта қалған. Топ бестікті сағатына 420 шақырыммен қозғалатын Bugatti Chiron түйіндеп отыр. Бұл Bugatti Veyron-нан кейін шыққан модель. Машинаның стандартты нұсқасы сағатына 420 шақырым ала алады. Бұл ескі Veyron SS-ке қарағанда азырақ. Дегенмен, көліктің қуаты бұдан да жоғары жылдамдыққа жетер еді, бірақ өндірушілер оған жылдамдықты электронды шектейтін құрылғы орнатып қойған.



http://www.syrboyi.kz
02 шілде 2018 ж. 202 1

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 21:16
Aromadex buy viagra Comprar Cialis En Canarias Christie Brinkley Retin A

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9405)

16 сәуір 2019 ж.

№28 (9504)

13 сәуір 2019 ж.

№27 (9503)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930