» » Ержүрек ит иесін құтқару үшін өз өмірін құрбан етті

Ержүрек ит иесін құтқару үшін өз өмірін құрбан етті


Үндістанда 65 жастағы фермер электр соққысының салдарынан көз жұмды. Ал, ер адамның жанында ілесіп жүрген иті иесінің құлағанын көріп, оны құтқарамын деп, электр тоғына түсіп өлді.

Бұл туралы Times Times басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Оқиға Үндістанның Мадурай қаласының маңындағы ауылда болды. М Моккусу есімді фермер сиырын егін шаруашылығындағы жайылымға апарған. Бір күн бұрын ауылда қатты жел соғып, сіркіреп жаңбыр жауған. Соның салдарынан кабельге зақым келген. Электр тоғына қосулы желіні сиыр басып қалғанда, жануар жерге құлап түскен. Ал, сиырға көмектесуге барған фермерді де электр тоғы соғып, көз жұмды.
Сол жерде болған ит иесінің құлағанын көріп, қожайыны мен сиырдың жанындағы кабельді алып тастаймын деп, оны да тоқ соғып өлді. Қайғылы жағдай туралы хабар алған полиция қызметкерлері бірден егістікке келіп, зағымданған желіні тоқтан ажыратты.
Осыдан кейін ауыл тұрғындары иесін құтқару үшін өзін құрбан еткен ержүрек иттің ерлігін естіп, жануар мен фермер көз жұмған оқиға орынына жиналды.



http://stan.kz

04 шілде 2018 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930