» » Миллионерлер үшін салынған қала

Миллионерлер үшін салынған қала

Қытай елінің Гуанси-Чжуан автоном ауданында Бэйхай деген қала бар. Оған жақын маңда тұратын халық мұны "өлі қала" деп атайды. Себібі ол жерде ешкім тұрмайды. Өлі тыныштық қана салтанат құрған.

Алғашында бұл қала бай қытай тұрғындарына арналып салынған еді.  Ол жердегі үйлер жақсы сатылғанымен бірақ ешкім көшіп келмеген. Әліге дейін бұл қаладағы виллаларда шам жанбайды. Бұл жердегі жылжымайтын мүлік иелері күндердің күнінде нарық көтерілуінен дәмеленіп, кезі келіп үйлер сатылып қалар деген үмітте.

Әсем безендірілген үйлер қала орталығынан тым қашықта орналасқанына байланысты жаппай сатылмады. Бәлкім, қытайлықтардың өсуі, модернезация себебінен күндердің күнінде осыған ұқсас қалалар ақырын жанданып кетуі мүмкін.

Бір өкініштісі бүгінгі күнде бұл жердегі зәулім үйлер өз иелерін күтіп қаңырап жатыр. Сонымен бірге уақыттың әсерінен Бэйхайдағы үйлер ақырын ескіріп жатыр. Болашақта бұл қалаға адамдардың қоныстануы не қоныстанбауы беймәлім.
13 шілде 2018 ж. 14 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (9432)

17 шілде 2018 ж.

№52 (9431)

14 шілде 2018 ж.

№51 (9430)

10 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031