» » "Facebook" айыппұл төлейтін болды

"Facebook" айыппұл төлейтін болды


"Facebook" компаниясы "Cambridge Analytica" компаниясымен болған даудан соң, 87 миллион әлеуметтік тармақ пайдаланушылардың құпиясын сақтай алмағаны үшін айыппұл төлейтін болды. Ағылшын үкіметі "Cambridge Analytica" мен "Facebook" арасында болған жағдайды зерттеп, "Facebook" компаниясына пайдаланушылардың жеке мәліметтерін қорғай алмағаны үшін 663 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. 
  Сонымен бірге "Facebook" басшысы әлеуметтік тармақ абыройына кір келтіргені үшін АҚШ Конгрессі алдында есеп беруі де талап етілді. Бірақ, айыппұл көлемі "Facebook" үшін өте арзымайтын ақша болып есептеледі. Себебі компания мұндай айыппұл көлеміндегі сумманы әр 7 минутта табады. "Facebook" әлеуметтік тармағының таза пайдасы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 11,9 миллиард  АҚШ долларын құрады. Осы жыл маусым айында Марк Цукерберк әлеуметтік желі пайдаланушыларының құпиясын сақтай алмағаны үшін жұмыстан кететіні туралы айтылған еді. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында "Facebook" компаниясы мен "Cambridge Analytica" компаниясы арасында дау туындаған еді. Бұған себеп, Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген "Cambridge Analytica" ақпараттары. Олар әлеуметтік желі пайдаланушыларының рұқсатын алмай, жеке басына қатысты мәліметтерді тексерген.

16 шілде 2018 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9472)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (9471)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (9470)

30 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31