» » «Терминатор» фильміндегі актер көз жұмды

«Терминатор» фильміндегі актер көз жұмды



Америка Құрама Штаттарының 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені, актер Кристофер Лоуфорд 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Лента.ру порталына сілтеме жасап.

Актер өлімінің себебі әзірше белгісіз. Йога жаттығуынан кейін Лоуфордқа медициналық көмек қажет болғаны хабарланады. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.
Портал ақпараты бойынша, 1970-80 жылдары актер есірткімен әуестеніп, оның өмірінде біршама қиындықтар болған. Ол кейбір дәрілерді сатып алу үшін өзін дәрігермін деп таныстыруына байланысты қамауға алынған болатын.
Кристофер Лоуфорд «Жалғыз жүректер», «Табыттағы хикаялар», «Бас механа», «Фрейзер» телехикаяларында ойнаған. Сондай-ақ, ол «Терминатор 3: Машиналар көтерілісі» фильміне түскен.

Baq.kz
07 қыркүйек 2018 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031