» » Мысырда тағы бір сфинкс табылды

Мысырда тағы бір сфинкс табылды



Археологтар Мысыр оңтүстігіндегі Ком-Омбо ғибадатханасын жер асты суларынан тазартып жатқанда денесі жануарға, басы адамдікіне ұқсайтын сфинкс тапты. Бұл туралы Мысыр көне жәдігерлер министрлігі хабарлады.  Көне жәдігерлер бойынша жоғарғы кеңес хатшысы Мұстафа Вазири айтуынша, жәдігер Птолемей дәуіріне (б.з.д. 331-31 жылдар) жатады. 2 ай бұрын бұл аймақтан Птолемей V (204-180 б.з.д. жылдар) перғауынның мүсіні де табылған еді.  Сфинкстің көлемі айтарлықтай үлкен емес, ұзындығы – 28 см. Мүсіннің басы Уаджит құдайдың суреті бар уреймен әшекейленген және перғауындардың дәстүрлі сақалы салынған. Сфинкс біршама дәуір бұрын жасалса да жақсы сақталған. Тіпті қас пен көзіндегі қара бояуы да кетпеген.  Ком-Омбо ғибадатханасында жөндеу жұмыстары жүргізілгелі бері бірнеше тарихи жәдігер табылды. Олай болуы заңды. Себебі ежелгі Мысырда Ком-Омбо бесінші ном астанасы болған.

Massaget.kz

17 қыркүйек 2018 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30