» » АҚШ-та бір минут ішінде ұшаққа айналатын көлік сатылымға шығады (видео)

АҚШ-та бір минут ішінде ұшаққа айналатын көлік сатылымға шығады (видео)

ÐÒШ-Ñа бÑÑ Ð¼Ð¸Ð½ÑÑ ÑÑÑнде Ò±ÑаÒÒа айналаÑÑн көлÑк ÑаÑÑлÑмÒа ÑÑÒадÑ

АҚШ өнертапқыштары бір минуттың ішінде ұшаққа айналатын автокөлік ойлап шығарды. Бұл тұлпар сағатына 100 миль (160 км) жылдамдықпен ұша алады. FLYING CAR автокөлігі АҚШ-та келесі қазан айынан бастап сатылымға шығады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өндіруші Terrafugia компаниясы өкілінің айтуынша, көлік 400 мильге (640 км) дейін, әрі дегенде сағатына 100 миль жылдамдықпен жүре алады.
Мұндай көліктің қанша тұратыны белгісіз. Қытай Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жаңа модель қазан айында сатылымға шығады.
Автокөлік гибридті электр қозғалтқышпен, багаж сақтайтын кең орынмен, соңғы үлгідегі қауіпсіздік белбеулері мен жастықтарымен, орындықтарымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, автокөлікте камера мен жаңа парашют жүйесі орнатылған.

ÐÒШ-Ñа бÑÑ Ð¼Ð¸Ð½ÑÑ ÑÑÑнде Ò±ÑаÒÒа айналаÑÑн көлÑк ÑаÑÑлÑмÒа ÑÑÒадÑ

Көліктің салмағы 590 келі болатын жиналмалы қанаты бар. Ол 3048 метр биіктікке дейін көтеріле алады.
Бір қызығы, TF-X көлігі ешқандай да әуежайды қажет етпейді. Ол кез келген жолда, автомагистральда жүре алады.




Stan.kz

02 қазан 2018 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031