» » 98 жастағы анасы 80 жастағы ұлына күтім көрсету үшін қарттар үйіне көшіп барды

98 жастағы анасы 80 жастағы ұлына күтім көрсету үшін қарттар үйіне көшіп барды

98 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 80 жаÑÑаÒÑ Ò±Ð»Ñна күÑÑм көÑÑеÑÑ Ò¯ÑÑн ÒаÑÑÑÐ°Ñ Ò¯Ð¹Ñне көÑÑп баÑдÑ

Ұлыбританияның Хайтон қаласында 98 жастағы Ада Китинг қарттар үйіне көшіп барды. Себебі оның 80 жастағы ұлы Том Китинг анасы жоқ жерде өмір сүруге үйренбеген, деп жазады Stan.kz.

Ада және Том Китингтер өмір бойы бірге болған. Том сол күйі үйленбеген де екен. Өмір бойы оның ең жақын адамы анасы болған.
«Мен әр түн сайын Томға қайырлы түн тілеп, әр таң сайын «Қайырлы таң» деп оятатын едім», – дейді Ада Китинг.
Анасы мен ұлы өмір бойы бірге телехикая көріп, үстел үсті ойындарын ойнаған.

98 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 80 жаÑÑаÒÑ Ò±Ð»Ñна күÑÑм көÑÑеÑÑ Ò¯ÑÑн ÒаÑÑÑÐ°Ñ Ò¯Ð¹Ñне көÑÑп баÑдÑ

Алайда бір жыл бұрын Томға қосымша күтім қажет болғандықтан, ол қарттар үйіне көшіп барған. Анасына күн сайын басқа қаладағы ұлына барып, халін білу ауыр болған. Сондықтан 98 жастағы кейуана ұлының жанына көшіп баруды ұйғарыпты.
«Мұндағы қызметшілер өте жақсы. Мен де анамның жанымда болғанын қуаныштымын», – дейді Том Китинг.

98 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 80 жаÑÑаÒÑ Ò±Ð»Ñна күÑÑм көÑÑеÑÑ Ò¯ÑÑн ÒаÑÑÑÐ°Ñ Ò¯Ð¹Ñне көÑÑп баÑдÑ

Томның айтуынша, ол тіпті 80 жаста бола тұра анасының нұсқауларынсыз не істерін білмейді. Ол мені әлі де тәрбиелеп келеді, дейді қария.
«Кейде анам: «Өзіңді жақсы ұста», – дейді. Ол маған жақсы қарайды», – дейді Том Китинг.

Stan.kz












15 қазан 2018 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930