» » 200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жіберген

200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жіберген

200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жібергенҚытайда жаңа туған сәбиін сатып жіберген ер адам тұтқындалды. Ол өзінің әрекетін ұлды болғысы келгенімен түсіндірді.

Оқиға Чжэцзян провинциясының Иу қаласында орын алған. қыркүйек айының ортасында 42 жастағы Сяохуэя Лидің екінші қызы дүниеге келген. Ол қатты мұңайып, қыркүйек айының соңында перзентін сәбилі бола алмай жүрген ерлі-зайыптыға 4 мың юаньге (200 мың теңгеден аса) сатып жібереді.
Лидің анасы сәбидің жоғалып кеткені үшін қатты уайымдаған. Алайда Лидің өз көмегінен бас тартқаны оның көңіліне күдік ұялатқан.
«Мен екінші немеремді бірнеше рет қана көрдім. Артынша ұлым мені үйіне кіргізбеді», – дейді Лидің анасы.
Қазан айының басында кейуана ұлы үйде болмаған кезде келіп, келінімен көріскен. Үйден сәбиді таппаған ол бірден Лиге қоңырау шалыпты. Алайда ұлы сөйлесуден бас тартқан. Сол кезде кейуана полицияға шағымданады.
Полиция ер адамнан жауап алып, ол кінәсін мойындады. Ли тек ұлды болғысы келгенін айтқан. Сонымен қатар ол жұмыссыз болғандықтан, екі қызды асыра алмайтынын ойлап алаңдапты.
Қазан айының 200 мың теңгеге: Ұлды болғысы келген ер адам қыз туылғанын білгеннен кейін оны сатып жібергенортасында полицейлер сәбиді тапты. Оны сатып алған отбасы он жылдан астам уақыт бойы сәби сүйе алмай жүрген екен. Ерлі-зайыпты сәбидің сатылатыны туралы хабарландыруды желіден көргенін айтты.
Артынша полиция сәбидің әкесі мен оны сатып алған ерлі-зайыптыны тұтқындады. Ал сәби өз отбасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сәбиді анасы мен әжесі қарауда.
Қытай заңына сәйкес, әйелдер мен балалар ұрлығы және саудасы үшін 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамайды, өмір бойына бас бостандығынан айырады немесе өлім жазасына кеседі.
30 қазан 2018 ж. 744 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 03:43
Amoxicillin Trihydrate 875mg Clavulanate K 125mg Homeopathic Amoxicillin For Pets buy canadian finasteride 1 mg Sintomas Del Propecia Grapefruit And Amoxicillin

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 05:35
Online Pharmach Viagra Soft Flavoured generic 5mg cialis best price Viagra Super Active For Sale Canadianpharmacy

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 131

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 85

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 105

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031